TRT Африка: Түркияның мемлекеттік медиа органының Африка каналы өз ісін бастады

TRT-нің жаңа цифрлық ақпарат арнасы қызметін бастады.

1968196
TRT Африка: Түркияның мемлекеттік медиа органының Африка каналы өз ісін бастады

 

TRT-нің жаңа цифрлық ақпарат арнасы «Африканы дәл өз қалпында» таныстырып,  көрермендеріне Африка жөнінде балама көзқарас білдіреді. Канал айырықша Африка құрлығы үшін маңызды жаһандық тақырыптарды бай және өзекті түрде, теңгерімді мәліметтермен көрерменге ұсынады.

 

Түркияның мемлекеттік хабар таратушысы TRT Африка құрлығындағы Африка құрлығында болып жатқандарды жаһандық көрермендеріне төрт тілде (суахили, ағылшын, хауза және француз тілінде) жеткізу мақсатымен жаңа цирфлық хабар платформасы TRT Африканы іске қосты.

Канал TRT мен Африка хабар тарату одағының Стамбулда өткен «І Хабар тарату саммитінің» екінші күні болып табылатын жұма күні тікелей эфирлерін бастады. Үш күндік саммит 30 наурыз күні басталды.

TRT-нің бейтарап және баршаға құшақ жайған хабар тарату мақсатына сай,  көрермендеріне Африка жөнінде балама көзқарас ұсынатын TRT Африка-да құрлық үшін маңызды хикаялар, теңгерімді мәліметтер бай және өзекті баяндау тәсілімен беріледі.

Канал айырықша диаспорадағы Африка және африкалықтардың хикаясын жариялайды, олардың негізгі құндылықтарын баяндап, әлемдегі оқиғалардың орталығына жетелейді.

Каналдың құрлықтың 15 елінен қызметкері болады. Каналдың цирфлық мақсаты африкалық көрермендер үшін маңызды оқиғаларға орын беру, әлеуметтік медиа арқылы әлемдегі жаңалықтарды қадағалап отыратын жастар үшін сапары контект дайындау және осы арқылы құрлықта сенімді хабар көзі болу.

Канал Африкадан және әлемнің барлық жерінен көрермендерге теңдесі жоқ цифрлық контект, ерекше хикаялар,  Африканың жергілікті мәселелеріне байланысты зерттеулер мен деректі фильмдер ұсынуды, әлем көлеміндегі Африка диаспорасының құрлыққа байланысты мәлімет мұқтаждығын қамдайды мақсат етеді.

TRT Африка Гамбиядан Мароккоға, Нигериядан Камерунға дейін Африканың ондаған елінде қызмет атқарады.  Каналдың осы мақсаты сонымен бірге Түркияның Африкаға көп уақыттан бері жалғастырып келе жатқан қолдауын да мақұлдайды.  Африканың даусының әлем көлемінде жақсы естілуі және қолдау алуы үшін платформа қалыптастырады.

Қызметін жаңа бастап отырған TRT Африка TRT World, TRT Arabic, TRT Russian, TRT Deutsch, TRT Français және TRT Balkan-нан тұратын TRT отбасының ең жаңа мүшесі болды.  Осы платформалардың барлығы түрлі дауыс пен көзқарастарды халықаралық аренаға жеткізуде.

 

TRT Африка саммиті

 

Жұма күні өткен TRT Африка таныстырылымындағы беташар баяндамаларды Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун, TRT бас директоры Мехмет Захид Собажы және Африка хабар тарату одағының басшысы Грегуар Нждака оқыды.

Саммиттің бірінші күні Африка хабар тарату одағы өкілдері «Тұрақты бір болашаққа қарай: Мемлекеттік хабар тарату қызметін қайта пішіндеу» тақырыбында бас қосты.

Африканың 16 елінен келген 23 журналистке «Пандемия кезінде медианың өзгерісі», «Журналистиканың өзгеруіне технологияның үлесі», «Батыстың этноцетриск көзқарасына қарсы қолданылатын құралдар» секілді тақырыптарда оқу семинары өткізілді.

Жұма күні түстен кейін өткен отырыстарда «Мемлекеттік қызмет медиа айнасында Африка-Түркия қатынастары: Ортақ көзқарас және болашақтың қиындықтары», «Өзгерген технологиялар және жаңа медиа дәуірінде қоғамдық хабар тарату қызметінің болашағы: Африка және Түркия мемлекеттік қызмет медиалары цирфлық дәуірде қалай өзекті болады?» және «Жаһандық хабар таратушылығының өзгерген бейнесі: Әділеттірек әлем үшін ортақ көзқараспен Африка хикаяларын баяндау» тақырыптары қолға алынды.

Саммит «Африка хикаяларын жаңа көзқараспен түсіндіру» тақырыбымен жалғасын тапты.



Ұқсас жаңалықтар