"ТРТ Африка" медиа саммитінде таныстырылды

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун "ТРТ Африка" саммитіне қатысты.

1968109
"ТРТ Африка" медиа саммитінде таныстырылды

Түркия Радио және телевидение мекемесі (ТРТ) және Африка Хабар тарату одағы бірлікте өткізілген "ТРТ Африка" 1-ші Хабар тарату саммитінде ТРТ-нің жаңа цифрлық хабар платформасы "ТРТ Африка" таныстырылды.

Африка Хабар тарату одағының мүшелерінен 30-ға жуық елдің басшылары мен медиа өкілдері саммитке қатысты.

Саммитте сөз сөйлеген Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун:

«Түркия ретінде біз бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникация саласындағы барлық білімімізді, мүмкіндіктерімізді және тәжірибемізді, соның ішінде жеке тұлғаларға, қоғамдарға және мемлекеттерге ең үлкен қатерлердің бірі болып табылатын жалған ақпаратпен күресуде дамыған күшті әлеуетімізді Африка елдерімен және африкалық бауырларымызбен бөлісуге дайынбыз», - деп көрсетті.

Төраға Фахреттин Алтун:

«Біз батыстық медианың Африкаға қатысты кемсітушілік, бөле қарау, стандарттау және нашар сөз-сөйлемдер арқылы болымсыз түсінік тудыратын хабар тарату әрекеттеріне  қарсы балама журналистиканы дамыту керектігіне сенеміз» деді.

Төраға Фахреттин Алтун:

«ТРТ өткен жылдың мамыр айында іске қосқан француз тіліндегі цифрлық арнасы Африкадағы шамамен 200 миллион француз тілді адамды қамтитын Француз тілді елдерге Түркия туралы нақты ақпаратты жеткізуге және Африкаға қатысты оқиғаларды әлемге французша тура жеткізуге мүмкіндік берді», деп көрсетті.

Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун:

«Бүгінгі таңда "ТРТ Африка" арнасы арқылы халықаралық хабар тарату тізбегіне жаңа және күшті байланыс шеңберін қосқан ТРТ халықаралық хабар платформаларының санын 7-ге жеткізді. "ТРТ Африка" өзінің ұранында айтылғандай, осы ұлы құрлықтың мәдениетін, тарихын, әлеуметтік өмірін, саяси оқиғаларын және айтылмаған бет-бейнесін толық жеткізу үшін хабар тарату сапарын бастап отыр", - деді.

ТРТ Бас директоры Мехмет Захид Собажы да ТРТ-нің көптеген іс- шаралары арқылы әлемдегі ең маңызды жаһандық медиа актерлерінің біріне айналу жолындағы талпынысын батыл жалғастырып келе жатқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар