«Жер сілкінісін зерттеу виртуалды конференциясы» басталды

Вице-президент конференцияның ашылуына бейнежолдама жіберді.

1967429
«Жер сілкінісін зерттеу виртуалды конференциясы» басталды

Вице-президент Фуат Октай Түркияны әлемдегі апаттарға дайын және апаттан кейін ғылымға негізделген көзқараспен тез және тиімді жауап қайтаратын елге айналдыруды мақсат еткендерін білдірді.

Октай Түркияның Ғылыми-техникалық зерттеулер кеңесі (Түбитак) ұйымдастырған «Жер сілкінісін зерттеу виртуалды конференциясына» бейне хабарлама жолдады.

Түркияның ақпан айында «Ғасыр апаты» деп аталатын бірқатар жер сілкіністерін бастан өткергенін және кейінгі кейбір дүмпулердің жер сілкінісі күшінде жалғасып жатқанын еске салған Октай «Жер сілкінісі туралы хабардың артынан мемлекеттің бар мүмкіндіктерін іске қосып, Түркияның апаттарға төзімділігін арттыру және апатты басқаруды тиімді ету үшін ғылыми жұмылдыруды да бастадық» деді.

Ғылым мен технологияның көшбасшысы «Түбитак»-ты ғылыми салада жұмылдырудың қарқынды күші деп белгілегендерін білдірген Октай «Түркия ұлттық қауіпсіздік қалқаны» моделінің де іргетасын құрайтын жұмыстарды бастағандарын атап көрсетті.

Бір жағынан жер сілкінісі аймағында зерттеулер жүргізілсе, екінші жағынан әлеуметтік ғылымдарға тиісті тұғырларға назар аударылғанын тілге тиек еткен Октай «Мақсатымыз – Түркияны әлемдегі апаттарға дайын және апаттан кейін ғылымға негізделген көзқараспен тез және тиімді жауап қайтаратын елге айналдыру» деді.



Ұқсас жаңалықтар