Эмине Ердоған АҚШ-та Гафаровамен бас қосты

«Түркеви» Мәдениет орталығындағы кездесуге Министрі Мевлүт Чавушоғлу да қатысты.

1967236
Эмине Ердоған АҚШ-та Гафаровамен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) «30 наурыз Халықаралық нөлдік қалдықтар күніне» орай ұйымдастырылған арнайы отырысқа қатысу үшін барған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Әзербайжан Ұлттық Мәжілісі төрайымы Сахибе Гафаровамен бас қосты.

Ердоғанның Гафаровамен «Түркеви» Мәдениет орталығындағы кездесуіне Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да қатысты.

Кездесуге байланысты Твиттер аккаунтынан хабарлама жариялаған Ердоған «Біз нөлдік қалдықтар туралы тәжірибемізді бөлістік. Экологиялық проблемалардың әлемнің барлық елдерінің жауапкершілігінде екені және климаттық дағдарысқа қарсы ортақ күрес тақырыптарында ортақ көзқарастамыз» деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2022 жылы 14 желтоқсан күні Түркия негізгі ұсынысшы болып, 105 ел ортақ ұсыныс жасаушы ретінде «нөлдік қалдықтар» қарарын қабылдаған болатын.

Бас Ассамблеяның осы шешімімен 30 наурыз «Халықаралық нөлдік қалдықтар күні» деп жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар