Хаккариде террор ұйымына тиесілі оқ-дәрі тәркіленді

«Ерен аблука күз-қыс-5» операциясы барысында көптеген қару мен оқ-дәрі тәркіленді.

1964146
Хаккариде террор ұйымына тиесілі оқ-дәрі тәркіленді

Хаккариде бөлшектеуші PKK террор ұйымына бағытталған «Ерен аблука күз-қыс-5» операциясында көптеген қару мен оқ-дәрі тәркіленді.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда операция аясында Каваклы ауылының ауылдық аймағында іздестіру жұмыстары барысында қару-жарақ қоймасы ретінде пайдаланылған бір баспана анықталды.

Баспанадан PKK/KCK террор ұйымына тиесілі көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі, құрал-жабдық пен материал табылды.

Қауіпсіздік күштері материалдар мен баспананы жойды.



Ұқсас жаңалықтар