Шентоп MIKTA конференциясында сөз сөйледі

Мұстафа Шентоп халықаралық ынтымақтастықтың қажеттігіне назар аударды.

1957308
Шентоп MIKTA конференциясында сөз сөйледі
mustafa sentop mikta.jpg
mustafa sentop mikta.jpg

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп індет, соғыс, табиғи апат және құрғақшылық сияқты мәселелерде халықаралық ынтымақтастықтың қажеттігіне назар аударды.

Шентоп Стамбулда Түркия, Мексика, Индонезия, Оңтүстік Корея және Австралиядан құралған халықаралық платформа MIKTA-ның 8-ші Парламент төрағалары конференциясының ашылуында сөз сөйледі.

Шентоп соңғы жылдары орын алған эпидемиялар, соғыстар, табиғи апаттар мен құрғақшылық сияқты мәселелердің әлемдегі әрбір мемлекеттің, тіпті әрбір адамның бір-бірімен қаншалықты күрделі байланыстарының бар екенін анық көрсететінін айтты.

Шентоп жаһандық өзара тәуелділіктің елдер арасындағы ынтымақтастықты арттыруды және халықаралық мәселелерді шешу үшін бірлескен күш-жігерді қажет ететінін атап өтті.

Мұстафа Шентоп бұл тақырыпта халықаралық ынтымақтастықты дамытуда, тәжірибе алмасуда және халықтар арасындағы көпірлерді нығайтуда белсенді рөл атқару қажеттігін түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар