Чавушоғлу Диярбакырда жер сілкінісінен зардап шеккендермен кездесті

Чавушоғлу мемлекет пен ұлт ынтымақтастығымен жер сілкінісінің жараларын емдейтіндерін білдірді.

1954875
Чавушоғлу Диярбакырда жер сілкінісінен зардап шеккендермен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мемлекет пен ұлт ынтымақтастығымен жер сілкінісінің жараларын емдейтіндерін білдірді.

Мевлүт Чавушоғлу Диярбакырдағы шатыр кентті аралап, зілзаладан зардап шеккендермен кездесті.

Чавушоғлу азаматтарға қажетті шаралардың барлығын жұмылдырылғанын және бұдан былай басылатын қадамдар бойынша жұмыстардың үйлестіру арқылы жүргізілгенін айтты.

Чавушоғлу залалды анықтау жұмыстарының әсіресе қала орталығында аяқталып қалғанын, жаңа тұрғын үйлер тұрғызылатын жердің белгіленгенін және тексеру жұмыстарының аяқталуға жақындағанын айтып, президент Режеп Тайып Ердоғанның тұрақты үйлерді азаматтарға бір жылдың ішінде тапсыру туралы уәдесін еске салды.

Министр Чавушоғлу «Азаматтарымыздың тұрақты баспанасы біткенше қажеттіліктерін қанағаттандыру мемлекет ретінде біздің міндетіміз. Біз азаматтарымыздың бір жыл шатырда тұрғанын қаламаймыз. Сондықтан біз контейнерлік қалаларды салып жатырмыз. Диярбакырда контейнерлердің орны дайын» деді.

Чавушоғлу «Бұл жер сілкінісінің жарасын мемлекет пен ұлт бірлесе отырып жазамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар