Тунджелиде 1 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрлігі операция туралы мәлімдеме жасады.

1953325
Тунджелиде 1 террорист залалсыздандырылды

Тунджели қаласының орталық ауданы Баки Дереси маңында жандармерия жасаған операцияда бір террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Ерен Аблука күз-қыс-13 шейіт жандармерия кіші офицері Джелил Мутлу» атты операция аясында Тунджели Жандармерия аймақтық қолбасшылығы және Ұлттық барлау ұйымы тарапынан Тунджелидің орталық ауданы Баки Дереси ауданы маңында Жандармерия арнайы жасақтарының қатысуымен жүргізілген барлау негізінде бірлескен операцияның жүзеге асырылғанын атап көрсетілді.

Сепаратист террор ұйымы PKK/KCK мүшелерінің бір үйді паналағаны туралы ақпарат түскен соң басталған операцияда қақтығыс шығып, бір террористтің қаруымен залалсыздандырылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар