Чавушоғлу Лавровпен кездесті

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Дели қаласында Ресей Сыртқы істер министрі Лавровпен кездесті.

1953415
Чавушоғлу Лавровпен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу “Үлкен жиырмалық” (G20) елдері сыртқы істер министрлері жиналысы үшін Үндісттанның астанасы Дели қаласына барды.

Министр  Чавушоғлу жиналыс аясында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті.

Чавушоғлу Twitter парақшасындағы жазбасында G20 шеңберінде Үндістанның астанасы Дели қаласында  Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескенін білдірді.

Министр Чавушоғлу "Жер сілкінісі кезіндегі көмек үшін тағы да алғыс айттық.  Өңіріміздегі соңғы оқиғаларды талқыладық" деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу бұның алдында Үндістан Сыртқы істер министрі Субрахманям Джайшанкармен де кездескен еді.



Ұқсас жаңалықтар