Чавушоғлу ЮНИСЕФ атқарушы директорымен кездесті

Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) атқарушы директоры Кэтрин Расселмен кездесті.

1952528
Чавушоғлу ЮНИСЕФ атқарушы директорымен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ел астанасы Анкарада Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) атқарушы директоры Кэтрин Расселмен кездесті.

Чавушоғлу Twitter парақшасында ЮНИСЕФ атқарушы директоры Расселмен кездескенін мәлімдеді.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу «ЮНИСЕФ атқарушы директоры ынтымақтастық сапарымен Анкарада болды. Осы қиын уақытта қолдау көрсеткен БҰҰ-ның Балалар қорына алғыс айтамыз» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар