Зілзалада қаза тапқан адам саны 35 мың 418-ге жетті

Жер сілкіністеріне байланысты  Министрлер кабинеті жиналысы өткізілді.

1946552
Зілзалада қаза тапқан адам саны 35 мың 418-ге жетті

Президент Режеп Тайып Ердоған 6 ақпан күні болған жер сілкінісіндегі адам шығынының 35 мың 418-ге жеткенін мәлімдеді.

Президент Ердоған «ғасырдың апаты» деп сипатталған эпицентрі Кахраманмараш және 10 аймақты қамтыған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкіністері себепті Министрлер кабинеті жиналысын өткізді. Президент  жиналыстан кейін мәлімдеме жасады.

Жер сілкіністері үшін «Әлемдегі барлық сарапшылардың да көзқарастары бойынша жер сілкіністердің мөлшері мен жойқындығы ерекше табиғи оқиға ретінде қарастырылады» деген Ердоған қаза болғандардың 35 мың 418-ге жеткенін, 105 мың 505 адамның жараланғанын айтты.

Зардап шеккендердің 13 мың 208-інің емделіп жатқанын атап өткен Ердоған  қираған ғимараттың 19 мыңнан асқанын түсіндірді.

Президент Ердоған зілзала аймағындағы жұмыстарға 250 мыңға жуық мемлекеттік қызметкердің қатысқанын баяндады.

Ердоған «Біз қираған ғимараттардан соңғы азаматымызды алып шыққанша жұмысымызды жалғастырамыз» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар