Дениз Байкал қайтыс болды

CHP төрағасы Кемал Кылычдароғлу хабарлады.

1945105
Дениз Байкал қайтыс болды

Республикалық халық партиясының (CHP) бұрынғы төрағасы Дениз Байкал қайтыс болды.

CHP төрағасы Кемал Кылычдароғлу Анталия депутаты Дениз Байкалдың қайтыс болғанын хабарлады.

Кылычдароғлу әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. «Төрағамыз, Түркияны және Республикалық халықтық партияны сүюші, Анталия аймағынан депутатымыз, асыл ақсақалымыз Дениз Байкалдың қайтыс болғанын естідім. Ол бізге күреске толы өмір жолын қалдырды. Халқымызға қайғырып көңіл айтамыз" деп жазды ол.  

Президенттің баспасөз хатшысы Ибрахим Калын да әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. 

«Түркия саясатының майталман тұлғаларының бірі, тәжірибелі саясаткер және мемлекет қайраткері, CHP-нің бұрынғы төрағасы Дениз Байкалға Алланың рақымын, туған-туыстарына, жақындары мен CHP қауымына сабыр тілеймін" деді.

Дениз Байкал 1973-1980 және 1987-1999 жылдар аралығында парламент депутаты болған. Байкал Қаржы министрі, Энергетика, Сыртқы істер министрлігі және Премьер-Министрдің орынбасары қызметтерін де атқарды.

Байкал 1992-1999 жылдары CHP төрағасы қызметін атқарды.

2000 жылы 30 қыркүйекте 17 айлық үзілістен кейін CHP төрағасы болып қайта сайланған Байкал 2010 жылдың мамыр айында отставкаға кеткенге дейін CHP төрағасы қызметін жалғастырды.



Ұқсас жаңалықтар