Папа Түркиядағы жер сілкінісі апатына тоқталды

Рим Папасы Франциск жер сілкінісінен кейін Түркия мен Сириядағы зардап шекендерге көмек беруге  шақырды.

1943975
Папа Түркиядағы жер сілкінісі апатына тоқталды

Католиктердің рухани көсемі және Ватикан президенті Рим Папасы Франциск 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараштың болған және 10 аймақты қамтыған 7,7 және 7,6 балдық екі жер сілкінісінен кейін Түркия мен Сириядағы зардап шекендерге көмек беруге  шақырды.

Ватиканда сәрсенбіде өткізген пленарлық отырыста Папа Түркиядағы жер сілкінісі апатына тоқталды.

Рим Папасы Франциск «Осы сәтте мыңдаған адамның қаза тауып және жарақат алған жойқын жер сілкінісі апатынан қатты зардап шеккен Түркия мен Сирия халықтары үшін шын жүректен дұға етемін.

Баршаны Түркия мен Сириядағы зардар шекендерге көмек беруге  шақырған Рим Папасы «Бауырларымыздың  осы қайғылы оқиғаға қарсы тұрып, алға жылжуы үшін бірге дұға етейік» деген сөздер қолданды.

Папа сондай-ақ ауа-райының қолайсыздығы, жолдардың ауыр зақымдануы сияқты қиындықтарға қарамастан  адам өмірін құтқаруға тырысқан жәрдем қызметкерлеріне алғыс айтып, олар үшін де  дұға етуді сұрады.

 



Ұқсас жаңалықтар