"Ерен Аблука Күз-Қыс" операциясы басталды

"Ерен Аблука Күз-қыс-25"  операциясында ДАИШ террористік ұйымының 16 мүшесі ұсталды.

1938115
"Ерен Аблука Күз-Қыс" операциясы басталды
el bab deas.jpg

Сирияның солтүстігінде ДАИШ террористік ұйымының 16 мүшесі ұсталды.

Әл Баб жергілікті қауіпсіздік күштері Газиантеп Уәлаят Жандармерия қолбасшылығы Сирия жұмыс тобының қолдауымен аудандағы ДАИШ ұяларына қарсы операция жасады. Операция кезінде ұйымның жоғары лауазымды қызметкері де бар 16 адам ұсталды. Сонымен қатар 4 мылтық, 85 жарылғыш және көптеген сандық материалдар тәркіленді. Күдіктілердің 15-і қамауға алынды.

Сонымен бірге Ішкі істер министрлігі Ванда "Ерен Аблука Күз-қыс-25"  операциясының басталғанын хабарлады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ны ел күн тәртібінен шығару және аймақты паналаған террористтерді залалсыздандыру мақсатында Ванда басталған операцияда 480 қызметкердің міндет атқарғаны атап өтілді.

Мәлімдемеде елдегі терроритерді толығымен жою мақсатында жүргізілген "Ерен Аблука Күз-Қыс" операцияларының халықтың қолдауымен «сенімді» және «шешуші» түрде сәтті жалғасқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар