Резниковпен сөйлесті

Акар дереу атысты тоқтатудың маңыздылығына тоқталды.

1931540
Резниковпен сөйлесті

ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Украина Қорғаныс министрі Алексей Резниковпен телефон арқылы сөйлесті.

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда, Акар Ресеймен соғыста адам шығынын болдырмау және аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қайта орнату үшін дереу атысты тоқтатудың маңыздылығына тоқталды.

Телефонда министр Акар Түркияның, әсіресе президент Режеп Тайып Ердоғанның аймақтағы тыныштық үшін пен гуманитарлық көмек көрсетуге үлес қосуын жалғастыратынын айтты.

Қаратеңіз астық бастамасы аясында құрылған Бірлескен үйлестіру орталығының жұмыстары арқасында шамамен 17 миллион тонна астықтың Украина порттарынан мұқтаж елдерге қауіпсіз түрде жөнелтілгенін атап өткен Хулуси Акар сонымен бірге бұл бастаманың үзілмей жалғасуының маңызды екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар