Рим Папасы Франциск Түркияны мақтады

Рим Папасы Франциск «Түркияның Ресей мен Украина арасындағы араағайындық әрекетін Ватикан да жоғары бағалайды» деді.

1930250
Рим Папасы Франциск Түркияны мақтады

Түркияның Ватикандағы елшісі Лүтфулла Гөкташ Түркияның Ресей мен Украина арасындағы араағайындық  әрекетінің Ватикан тарапынан да жоғары бағаланғанын білдірді.

Лүтфулла Гөкташ Twitter парақшасында жаңа жыл мерекесіне орай Ватиканда елшілерді қабылдаған Рим Папасы Францискпен кездескенін білдірді.

Рим Папасы Франциск оған «Президент (Режеп Тайып) Ердоған бейбітшілікке жету жолындағы күш-жігерін жалғастыруы керек» деді. Түркияның Ресей мен Украина арасындағы  әрекетін Ватикан да жоғары бағалайды» деді.

Рим Папасы Франциск Ватикандағы елшілермен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуінде сөйлеген сөзінде соғыстар мен алауыздыққа назар аударып, «бейбітшілік» тіледі.

Рим Папасы Франциск дипломатияның проблемаларды шешу, ынтымақтастық ортасын құру және ортақ қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін маңызды екенін атап өтті.

Рим Папасы Франциск 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Украина соғысыннан  көп адамның көз жұмғанын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар