Ердоған Түркияның экспорт санақтарын жариялады

Президент Ердоған Стамбулда 2022 жылғы сыртқы сауда көрсеткіштерін жариялады.

1926669
Ердоған Түркияның экспорт санақтарын жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның 2022 жылы экспортының өткен жылға қарағанда 12,9 пайыз артып, 254,2 миллиард долларға жеткенін білдірді.

Президент Ердоған Стамбулда 2022 жылғы сыртқы сауда көрсеткіштерін жариялады.

Өткен жылы экспортта Түркия Республикасы тарихындағы рекорд жаңарғанын баяндаған  Ердоған «Жаһандық келеңсіздіктерге қарамастан, 2022 жылы экспортымыз алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,9 пайызға өсіп, 254,2 миллиард долларға жетті» деп көрсетті.

Мақсаттарының Түркияның экспорттаушы 10 елдің арасында орын алуын қамтамасыз ету екенін білдірген Ердоған «Ұлттық валютамызбен экспортталатын елдер мен аймақтардың саны 197-ге жетті» деген сөздер қолданды.

Президент Ердоған «Біз экспортымызды 350 миллиард долларға жеткізіп, үлкен экспорттық экономика құрдық» деді.

2022 жылдың алғашқы 3 тоқсанында 6,2 пайыздық өсімге қол жеткізілгенін айтқан президент Ердоған денсаулық сақтау қызметтерінің экспортын 2023 жылға 5 миллиард доллар деп белгілегендерін білдірді.

Телехикая экспортында Түркияның Америка Құрама Штаттарынан кейін екінші орында тұрғанын түсіндірген Президент «Биылғы жылы телехикаяларымыз бен фильмдер экспортымыз 1,5 миллиард доллардан асатын болса, біз бүкіл әлем бойынша 1,5 миллиард көрерменге жетуді мақсат етіп отырмыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар