Министр Чавушоғлу Болгар Парламенті төрағасымен бас қосты

Чавушоғлу екіжақты қарым-қатынастарды талқылағандарын білдірді.

1921069
Министр Чавушоғлу Болгар Парламенті төрағасымен бас қосты
hamid karzai-cavusoglu.jpg
bulgaristan ulusal meclisi baskani rasidov-cavusoglu.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу бас қала Анкарада Сыртқы істер министрлігінде Болгария Парламенті төрағасы Вежди Рашидовпен бас қосты.

Чавушоғлу Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Рашидовпен кездесуінде Түркия мен Болгария арасындағы екіжақты қарым-қатынастар мен парламентаралық ынтымақтастықты талқылағандарын білдірді.

Мевлүт Чавушоғлу Сыртқы істер министрлігінде Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзаймен де кездесті.

Чавушоғлу Карзаймен кездесуіне байланысты Твиттер аккаунтынан «Ауған халқымен ынтымақтастығымыз және елдің тұрақтылығына қолдау көрсетуді жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар