Грек ұшақтары түрік F-16 ұшақтарына кедергі жасады

Түркия Әуе күштері НАТО-ның ұшуына кедергі жасауға тырысқан грек ұшақтарына жауап қайтарды.

1921171
Грек ұшақтары түрік F-16 ұшақтарына кедергі жасады

Ұлттық қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) кеше жоспарланған «NATO NEXUS ACE Ege» қызметі аясында құрылған «Paket Kol» тобында, Түрік Әуе күштеріне қарасты 14 F-16, 1 HİK, 1 KC-135 танкер ұшағы мен бір CASA іздеу-құтқару, НАТО E3-A AWACS ұшақтарының әуе қызметін орындағаны айтылды.

Мәлімдемеде бұл қызмет аясында НАТО-дағы одақтастарға 24 сағат бұрын қажетті ақпараттың таратылғаны аталып «Грек ұшақтары НАТО-ның ұшуына тағы да кедергі жасауға тырысты, біздің әуе күштері жауап қайтарды. "Paket Kolu" тобы Эгей теңізінің халықаралық әуе кеңістігінде ұшуын жалғастырып жатқанда, Грекияға тиесілі 5 түрлі әуе базасынан көтерілген F-16 әскери ұшақтары Эгей теңізінің халықаралық әуе кеңістігінде ұшуын жалғастырған ұшақтарымызға радар кілті қойып қысым жасады. Ұшақтарымыз қызметін сәтті аяқтау үшін ұшуын жалғастырды. Даламан мен Ахисардан көтерілген F-16 ұшақтарымыз болса қысым жасаған  грек ұшақтарына жауап қайтарды. «Paket Kol» құрамындағы ұшақтарымыз "НАТО NEXUS ACE" қызметін сәтті орындап, базаларына аман-есен оралды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар