"Түркия - қаһарман"

Алтун «Түркия Ұлттық белгілеу форумында» сөз сөйледі.

1919786
"Түркия - қаһарман"

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун Түркияның жаһандық дағдарыстарды шешу үшін қолға алған бастамаларымен бір қаһарман екенін айтты.

Алтун Стамбулда өткен «Түркия Ұлттық белгілеу форумында» сөз сөйледі.

Әлемде жаңа тәртіп қажеттілігінің әлдеқайда қатты айтылғанын атап көрсеткен Алтун «Жаһандық сынақтардан сәтті өткен Түркия аймақтық дағдарыстар мен жаһандық қақтығыстардың шешілуіне де үлес қосуда. Түркия өзінің ұстанымды сыртқы саясатымен жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылықтың орталық еліне айналды. Дипломатиядан гуманитарлық көмекке, денсаулықтан қоршаған ортаға дейін Түркия модельдері бүгінде әлемге үлгі болды» деді.

Алтун «Түркия - инвестициядан саудаға, денсаулық сақтаудан білімге, тұрақты энергиядан технология мен инновацияға, гуманитарлық дипломатиядан бейбітшілік күштеріне дейін барлық салада күшті қадамдар жасаған аймақтық держава және жаһандық ойыншы» деді.

Ол Түркияның бүгінде әр салада дерлік идеялары мен тәжірибелері кеңесілетін және дауларды шешудің мекен-жайы болып табылатын оркестр дирижері іспетті екенін атап өтті.

«Түркия жаһандық дағдарыстарды шешу үшін қолға алған бастамаларымен қаһарман. Түркия езілгеннің жағында, залымға қарсы тұрады. Түркия – адамзатқа қызмет ететін құндылықтардың қорғаушысы» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар