Президент Ердоған Дума төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады

Президенттік сарайдағы қабылдауға ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп та қатысты.

1918467
Президент Ердоған Дума төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады
volodin-sentop.jpg
volodin-erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған РФ Федералдық Мәжілісі Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады.

Президенттік сарайдағы қабылдауға Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп та қатысты.

Қабылдау алдында Володин Шентоппен оңаша және делегация аралық кездесулер өткізді.

Кездесулердің артынан ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында Шентоп Түркия мен Ресей парламенттері арасындағы қарым-қатынастарды ілгерілету үшін көптеген жобаны бағалағандарын айтып, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың саяси, экономикалық, сауда-саттық және саяси салаларда өте жақсы деңгейде екенін баса айтты.

Шентоп «Түркия-Ресей арасындағы қарым-қатынастар тек екіжақты ынтымақтастық емес. Әрі аймақтық, әрі жаһандық көптеген мәселелерде бейбітшілік пен адамзаттың дамуына қызмет ететін әсері мен сипаты бар» деді.

Володин болса пандемияға дейін Мәскеуде пандемияға дейін ТҰҰМ мен Федерация Кеңесі арасында құрылған бір Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық комиссиясының бірінші отырысын Мәскеуде өткізуді ұсынды.

Терроризммен күрес және аймақаралық ынтымақтастық конференциясына тоқталған Володин «Конференцияда біз Иран, Пәкістан, Қытай, Сирия және басқа елдерден қатысушыларды күтудеміз. Ынтымақтастықтағы мәселелерді талқылаймыз деп үміттенемін. Біз қабылдауды жоспарлап отырмыз. Келесі жылдың бірінші жартысында бұл шараны өткізуді жоспарлап отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар