Түркия жаһандық актерге айналды

Чавушоғлу «Түркияның іскерлік және гуманитырлық сыртқы саясаты» атты конференцияның ашылуында сөз сөйледі.

1915056
Түркия жаһандық актерге айналды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Африкадан Азияға, Таяу Шығыстан Балқанға дейінгі кең географияда үміт беретін елдердің бірі екенін және жаһандық дипломатияның ең сенімді актерлерінің біріне айналғанын айтты.

Чавушоғлу ел астанасы Анкарадағы Хажы Байрам Вели университетінде өткен «Түркияның іскерлік және гуманитарлық сыртқы саясаты» атты конференцияның ашылуында сөз сөйледі.

Қазіргі таңда әлемде күрделі мәселелер, дағдарыстар мен соғыстар бар екенін атап көрсеткен Чавушоғлу соғыстар мен қақтығыстардың 60 пайызының Түркияның жақын географиясында екеніне назар аударды.

Министр Чавушоғлу «Жаһандық проблемалардың қайсысын алсаңыз да; олардың барлығында Түркияның шешімнің бір бөлігі екенін көресіз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар