Ердоған инвесторларға шақыру тастады

Ердоған инвесторларды отандық және халықаралық салада ұсынылатын қолдауды, ынталандыруды және жеңілдіктерді пайдалануға шақырды.

1913618
Ердоған инвесторларға шақыру тастады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның экономикада дұрыс бағытта ілгерлеп келе жатқанын айтты.

Ердоған тікелей байланыс арқылы қатысқан Агры Хамур-Тутак-Патнос мемлекеттік жолының беташар салтанатында сөз сөйледі.

Түркияны инвестиция, жұмыспен қамту, өндіріс, экспорт және өсу арқылы мақсаттарына жақындатқанын атап көрсеткен Ердоған:

«Жаңа жарияланған 2022 жылдың үшінші тоқсанындағы өсу көрсеткіштері біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың соңғы белгісі. Жаһандық саяси және экономикалық дағдарыстарға, соғыстар мен белгісіздіктерге қарамастан 2023 жылға арналған мақсаттарымызға белді бекем байлау арқылы ілгерлеумен бірге "Түркия ғасырына" дайындалып жатырмыз» деді. 

Отандық және халықаралық инвесторларға ұсынылатын қолдауды, ынталандыруды және жеңілдіктерді бағалауға шақырған Президент:

«Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тараптарға «Келіңіз, бірге табысқа жетейік» дейміз. Өндіру, жұмысқа орналастыру, экспорттау арқылы елімізге үлес қосқысы келетіндердің барлығына бірдей шақыру тастаймыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар