Министр Акар АҚШ-тық әріптесімен телефон арқылы сөйлесті

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Акар мен Остиннің аймақтық мәселелерді талқылағанын мәлімдеді

1913162
Министр Акар АҚШ-тық әріптесімен телефон арқылы сөйлесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар АҚШ-тық әріптесі Ллойд Джеймс Остинмен телефон арқылы сөйлесті.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда кездесуде екіжақты және аймақтық қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Әңгіме барысында Түркия мен АҚШ-тың екі маңызды одақтас екенін баса айтқан Акар терроризммен күрес операцияларының Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабынан туындайтын өзін-өзі қорғау құқығы аясында жүргізілетінін еске салды.

Терроризммен күресте ынтымақтастықтың аймақтық және жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлес қосатынын атап көрсеткен Ұлттық Қорғаныс министрі осы аяда Түркияның ДАИШ пен басқа да террор ұйымдарының барлығына қарсы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Министр Акар сонымен қатар терроризммен күрес операцияларында «террористердің жалғыз нысана» екенін және коалиция күштеріне немесе бейбіт тұрғындарға зиян келтірудің мүмкін еместігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар