Эмине Ердоған украиналық жетім балалармен кездесті

Эмине Ердоған балалар үйінің оқу, ойын сыныптары мен ұйқы бөлмелерін аралап лауазымдылардан ақпарат алды.

1913456
Эмине Ердоған украиналық жетім балалармен кездесті
emine erdogan ukraynali yetim cocuk.jpg
emine erdogan ukraynali yetim cocuk.jpg
emine erdogan ukraynali yetim cocuk.jpg
emine erdogan ukraynali yetim cocuk.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған Украинадан Түркияға эвакуацияланған жетім балалардың қауіпсіз ортада екенін атап көрсетті.

Эмине Ердоған және Украина президентінің жұбайы Елена Зеленска 2 қазан күні Стамбулда өткен кездесуде қол қойылған эвакуациялау шешімінің артынан алғашқы бастама ретінде «Одесса Сонечко» балалар үйінен Анкараға жетім балалар әкелінген болатын.

Эмине Ердоған жетім балалар және украиндік мұғалімдерімен Отбасы және әлеуметтік қызмет көрсету министрлігіне қарасты балалар үйінде кездесті.

Эмине Ердоған балалардың оңалту процесі туралы лауазымдылардан ақпарат алды.

Балалардың әр қайсысына қамқорлық жасап, әңгімелескен және оларға ойыншықтар сыйлаған Эмине Ердоған денсаулығы нашарлау 7 жасар баланың да емделу үшін тиісті лауазымдылармен сөйлесті.

Сезімтал сәттермен өткен зиярат кезінде балалар Эмине Ердоғанға жақындық көрсетті.

Балалар үйінің оқу, ойын сыныптары мен ұйқы бөлмелерін аралаған Эмине Ердоғанның бір баламен қызық әңгімесі назар аударды.

Эмине Ердоған Украинаның Түркиядағы елшісі Василий Боднар да қатысқан кездесуде Украинадан келген балалар мен мұғалімдеріне қоса қонақтармен естелік суретке түсті.

Украинада қиын жағдайдағы балаларды эвакуациялау үдерісінің жалғасуы мүмкін екенін тілге тиек еткен Эмине Ердоған Түркияның әрқашан көмекке дайын болғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар