Ливияда түрік ауруханасы ашылды

Ливияның Мисрата қаласында түрік кәсіпкерлері салған алғаш түрік ауруханасы ашылды.

1912128
Ливияда түрік ауруханасы ашылды

Негізінен түрік дәрігерлері жұмыс істейтін «Libyan Turkish Hospitalt» диагностика мен емдеудегі заманауи технологиялық мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.

13 поликлиникасы мен 4 ота бөлмесі бар 120 төсекті ауруханада толық жабдықталған жедел жәрдем қызметі көлігі де бар.

Аурухананың алғашқы сатыда жүрек-қан тамырлары хирургиясы, кардиология, ортопедия және травматология, нейрохирургия, жалпы хирургия, акушерлік, ішкі аурулар, балалар денсаулығы және аурулары, жұқпалы аурулар, анестезия және реанимация, отоларингология, радиология, тамақтану және диета, жедел жәрдем және жедел жәрдем көлігі қызметі салаларында жұмыс істейтіні атап көрсетілді.

Мыңдаған ливиялыққа қажет медициналық қызмет түрік ауруханасы арқылы қамтамасыз етілмек.



Ұқсас жаңалықтар