Ердоған "КОМСЕК" жиналысының ашылу рәсіміне қатысты

Президент Ердоған ИЫҰ-ның Сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (КOMCEК) ашылуында үн қатты.

1911898
Ердоған "КОМСЕК" жиналысының ашылу рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған мұсылман болудың өзі мен отбасынан бастап бүкіл қоғам және адамзатқа жауапкершілікті сезіну дегенді білдіргенін атап, «Дүниенің қай жерінде зұлымдық болса, ашашаршылықтан біреу өлсе, оның ауыртпалығы баршамыздың мойнында, осыған бәріміз жауаптымыз» деді.

Президент Ердоған Стамбұл Конгресс орталығында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (КOMCEК) 38-ші отырысының ашылу бағдарламасында үн қатты.

«Тіліміз, мәдениетіміз, өмір сүрген жеріміз бөлек болғанмен, үлкен бір отбасының мүшелеріміз. Біз бауырларымыздың барлығына жауаптымыз» деген Ердоған «Кейде арамызда дау-дамай, шиеленіс болуы мүмкін. Бұларды өмірдің кәдімгі мәселелері деп қабылдаймыз» деді.

Жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясы процесінде Түркиядан сұраныс жасаған 160 елге медициналық көмек материалы жібергендерін атап көрсеткен Ердоған «Түркия адамзаттың құндылықтары сыналған бұл қиын күндерде қолдағы бар мүмкіндіктері мұқтаж жандармен бөлісті» деді.

24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысын аяқтау үшін алғашқы күннен бері аянбай еңбек еткендерін атап көрсеткен президент «Қаратеңіз арқылы астық дәлізі мен тұтқындар алмасуды жүзеге асырып, дипломатиялық шешімге қол жеткізуге болатынын көрсеттік. Қаратеңіз арқылы 11 миллион тоннадан астам дәнді дақылды жеткізуге мүмкіндік жасадық» деді.

Грекияның мұсылман түрік азсандыларына бағыттап жылдар бойы әділетсіздік пен зұлымдығын жасап келгенін атап көрсеткен Ердоған «Ана тілін оқуға рұқсат етпейді, олардың ұлттық куәлігін жоққа шығарады. Енді қарап отырмауымыз керек. Кипрлік түрік ағайындарымыздың құқықтарының да қалай бұзылғанын білеміз» деді.

1967 жылғы шекараларында бас қаласы Иерусалим болған егемен, азат Палестина мемлекетін қолдағандарын білдірген Ердоған «Иерусалим және Әл-Акса мешіті үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз және жасаймыз. Ислам әлемі бұл оқиғаларға бұдан былай қарап отырмау керек» деді..

Түркияның 3,5 миллионнан астам сириялықты қабылдау арқылы бауырластығын орындағанын атап көрсеткен Президент «Елімізбен бірге Сирия мен Ирактың да аумақтық тұтастығын қорғауға, террорды жоюға табандымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар