Акар журналисттердің сұрақтарына жауап берді

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар «Операцияда осы  уақытқа дейін 326 террорист залалсыздандырылды» деді.

1910942
Акар журналисттердің сұрақтарына жауап берді

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар ««Пенче-Кылыч» операциясы жалғасуда. Операцияда осы  уақытқа дейін 326 террорист залалсыздандырылды» деп көрсетті.

Хулуси Акар бас қала Анкарада журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Пенче-Кылыч» операциясындағы соңғы жағдайға байланысты бір сұраққа орай Акар «Біз террористтердің көзін жоюға табандымыз. Еліміздің, ұлтымыздың және шекарамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық және жасай береміз» деді.

Акар соңғы кезеңдегі ең үлкен, ең ауқымды және ықпалды әуе операциясымен басталған «Пенче-Кылыч» операциясының сәтті жалғасып жатқанын білдірді.

Министр Акар Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның солтүстігіндегі «АҚШ бақылау нүктесіне соққы берді» деген пайымдауға қатысты сұраққа «Біз үшін коалиция күштеріне немесе бейбіт тұрғындарға зиян келтіру мүмкін емес. Біздің бір ғана нысанамыз бар, ол--террористтер. Террорист қайда болса, біздің нысанамыз сол жер. Біздің ең маңызды ұстанымымыз--бейбіт тұрғындар мен қоршаған ортаға зиян келтірмеу» деген сөздер қолданды.

Бір журналисттің «Сирияда көшбасшылар деңгейіндегі кездесу қашан болады?» деген  сұраққа Хулуси Акар  «Үлкенді-кішілі көптеген оқиғалар болып жатыр.  Бұлар пішімделген кейін және нәтижелер белгілі болған соң қарап көреміз. Оқиғаларды қадағалап отырмыз» деп жауап берді.

Президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында Түркияның халықаралық деңгейде өз орнын иелегенін түсіндірген  Акар «Біз еліміздің және ұлтымыздың құқықтары мен заңдарын барлық жерде қорғаймыз. Сонымен қатар біз Кипр, Әзербайжан, Ливия сияқты дос және бауырлас елдердің қасындамыз. Сондай-ақ оларға қолдау көрсетуді жалғастырамыз» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар