Түркия «L'orient Le Jour» газетіне наразылық көрсетті

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы Ливандағы француз тілінде шығатын «L'orient Le Jour» газетіне наразылық көрсетті.

1909529
Түркия «L'orient Le Jour» газетіне наразылық көрсетті

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы Ливандағы француз тілінде шығатын «L'orient Le Jour» газеті «Түркия бейбіт тұрғындарды нысанаға алуда» деген манипуляцияға наразылық көрсетті.

Басқарма аталмыш газеттің Түркияның шекаралық операциясы туралы хабарын манипуляциялауға байланысты мәлімдеме жасады.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы жалған ақпаратпен күрес орталығының үйлестірушісі Идрис Кардаш әлеуметтік желідегі парақшасында газетке ықпал арқылы жалған ақпарат берілгені білдірді.

Кардаш «Еліміздің Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі лаңкестік нысандарға қарсы әуе операциясын бейбіт тұрғындар паналаған Әл-Хол лагерінің бейнесімен таныстыруыңыз манипуляцияның үлгісі болып табылады. Осы фотосурет арқылы «Түркия бейбіт тұрғындарды нысанаға алуда» деген түсінік қалыптастыру әрекетіңіз қандай журналистік этикаға сәйкес келеді? Түркияның халықаралық құқыққа сәйкес лаңкестік нысандарға қарсы әуе операциясының хабарыңызда айтылған босқындар лагерімен еш қатысы жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар