Террорист Ахлам Альбашир алғашқы түсініктемесін берді

Стамбул Бас прокуратурасы жүргізген тергеу жұмыстары жалғасуда.

1907544
Террорист Ахлам Альбашир алғашқы түсініктемесін берді

Бейоғлу шабуылдаушысы террорист Ахлам Альбашир алғашқы түсініктемесінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-нің қатарына қалай қосылғанын түсіндірді.

Стамбулда Истиклал көшесінде 13 қараша күні 6 адам қаза тауып, 81 адам жараланған шабуылға байланысты Стамбул Бас прокуратурасы жүргізген тергеу жұмыстары жалғасуда.

Шабуылды жасаған 23 жасар Ахлам Альбашир полиция бөлімшесінде берген түсініктемесінде 2017 жылы террор ұйымы PKK/KCK/PYD/YPG-мен жігіті арқылы танысқанын атап көрсетті.

Альбашир біраз уақыттан кейін ізін жоғалтқан жігітімен кейін кездесе алмағанын, бірақ ол ұйыммен байланысын жалғастырғанын білдірді.

Осы уақытта террорист Ахлам Альбашир мен қашқын күдікті Билал Н. бірге тұрған Стамбулдың Эсенлер ауданындағы шеберхананың қожайыны Ферхат Н.-ның да террор ұйымымен байланысы бар екені анықталды.

Ферхат Х.-ның әлеуметтік желідегі аккаунтынан террорлық үгіт-насихат жасағаны ұйымның тапсырмасымен Ахлам Альбашир және Билал Х.-ны үйінде қонақ еткені анықталды.



Ұқсас жаңалықтар