Президент Ердоған журналисттерге мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия басқан қадамдарға жоғары баға берілгенін атап көрсетті.

1907522
Президент Ердоған журналисттерге мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия ретінде басқан қадамдарының мақтан тұтылғанын атап, «Сондай-ақ Ресей мен Украина арасындағы тұтқындарды айырбастау және астық келісімі бастамамызды әлем көшбасшыларының құптағанына куә болдық» деді.

Президент Ердоған 17-ші Үлкен жиырмалық көшбасшылары саммиті аясында Индонезияға сапарының соңында күн тәртібіне қатысты журналистер қойған сұрақтарға жауап қайтарды Үлкен жиырмалық саммитінің басты тақырыбының «Бірге серпілу-күшті көтерілу» екенін еске салған Ердоған «Қатысқан отырыстарда энергетика және денсаулық тақырыптарында Түркия ретінде басқан қадамдарымыздың бағаланғанын көрдік. Дәл осылай Ресей мен Украина арасындағы тұтқындарды айырбастау және астық дәлізі бастамамызды әлем басшыларының құптағанына куә болдық» деді.

Түркияның басшылығымен жүзеге асырылған Қаратеңіз «астық дәлізі» бастамасының Түркия мен Стамбул келісіміне де сілтеме жасай отырып, Үлкен жиырмалық елдерінің барлығында ризашылықпен қарсы алынғанын түсіндірген Ердоған босқындар тақырыбында ынтымақтастық қажеттілігінің де Үлкен жиырмалық саммиті қорытынды декларациясында тәуелсіз тармақ ретінде қамтылғанына назар аударды.

Саммит аясында сондай-ақ әріптестерімен де екіжақты кездесулер өткізгенін еске салған Ердоған «Бұл байланыстарымызда қорғаныстан энергетикаға, терроризммен күрестен инвестиция, сауда және туризмге дейінгі күн тәртібіміздегі мәселелерді талқыладық. Сапарымыздың елімізге, ұлтымызға, бүкіл адамзатқа пайда әкелуін тілеймін» деді.

Өткен аптаның басында бас қала Анкарада Түркияның үйлестіруімен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) және Ресей барлау басшыларының кездескенін атап көрсеткен президент «Ресей мен АҚШ-тың бұл жерде ядролық қаруға жүгінетіні тақырыбында барлау жөніндегі директорымның айтуынша, әзірге екі тараптың да ядролық қаруға қатысты кез-келген әрекеті болмайтыны жөнінде. Әрине біз оларды жақын қадағалап, жиі бас қосуларын қамтамасыз еткіміз келеді. Құдай сақтасын, бұл жаңа дүниежүзілік соғысқа әкеледі. Бұған жол бермейік» деді.



Ұқсас жаңалықтар