Террорист лаңкестікті жасағанын мойындады

Сирия азаматы Ахлам Альбашир есімді террорист қолға түсті.

1906091
Террорист лаңкестікті жасағанын мойындады

Стамбулдағы Истиклал көшесінде жарылыс жасаған сепаратист террор ұйымы PKK/PYD/YPG-мен байланысын мойындады.

6 адам қаза тауып, 81 адам жараланған террорлық шабуылға байланысты ауқымды тергеу бастаған полиция топтары террористті ұстады.

Бомбаны көшеге қойып кеткені анықталған әйелдің ұсталған кездегі көріністері жарияланды.

Террористпен байланыста екені анықталған 21 мекенжайда жүргізілген операцияда 46 адам ұсталып, қамауға алынды.

Операцияда көшеге бомба қойып кеткен Сирия азаматы Ахлам Альбашир есімді террорист қолға түсті.

Тергеу барысында оның PKK/PYD/YPG террор ұйымының Сирияның Кобани қаласындағы штаб-пәтерінен Стамбулда әрекет ету бұйрығын алғаны анықталды. Террорист әйел PKK/PYD/YPG террор ұйымы тарапынан арнайы барлау қызметкері ретінде дайындалғанын және әрекет ету үшін Африн-Идлиб арқылы Түркияға заңсыз жолмен кіргенін айтты.

Террорист лаңкестікті жасағанын мойындады.



Ұқсас жаңалықтар