Ердоған мен Шентоп Ататүрікті еске алды

Ердоған Мұстафа Кемал Ататүрікті қайтыс болуының 84 жылдығында сағат 09:05-те әлеуметтік медиа желісінен бөліскен хабарламасымен еске алды.

1904628
Ердоған мен Шентоп Ататүрікті еске алды

Бүгін Түркия Республикасының негізін қалаушы Ардагер Мұстафа Кемал Ататүріктің дүниеден өткеніне 84 жыл толған күн.

Президент Режеп Тайып Ердоған Мұстафа Кемал Ататүрікті қайтыс болуының 84 жылдығында сағат 09:05-те әлеуметтік медиа желісінен бөліскен хабарламасымен еске алды.

Президент Ердоған жазбасында:

«Тәуелсіздік жолындағы күресіміздің бас қолбасшысы және Республикамыздың негізін қалаушы Ардагер Мұстафа Кемалды қайтыс болғанына 84 жыл толуына орай құрметпен, мейіріммен және алғыспен еске аламын» деп жазды. 

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп өзінің жариялаған жолдауында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің тұңғыш президенті, Ұлттық күрестің Бас қолбасшысы, тұңғыш президент Ардагер Мұстафа Кемал Ататүрікті қайтыс болғанына 84 жыл толуына орай ұлтымызбен мейірім және алғысыпен еске алатындарын білдіріп:

«Ұлттық болмысымызды мәңгілік және тәуелсіз жалғастыру жолында парасаттылық пен батыл шешім қабылдаған Ардагер Мұстафа Кемал Ататүрік бізге өзінің «ең ұлы жәдігері» Республиканы қалдырды. Түркия Республикасы ұлтымыздың мызғымас бірлігімен және «толық тәуелсіздік/толық егемендік» сенімімен мәңгілік өмір сүре береді» деп бағалады.

Шентоп: «Тұтқынға берілмейтін ұлттың ұлы және көшбасшысы ретінде Ататүрік пен оның қаһарман серіктері бізге аманат еткен жауапкершіліктерін сезіне отырып, ұлттық күрес рухының ізімен әлі талай ғасырларға бірге барамыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар