«Ерен Аблука Күз-Қыс-10 операциясы» басталды

Елдегі террористерді толығымен жою мақсатында жүргізіліп жатқан «Ерен Аблука Күз-Қыс операциялары» жалғасуда.

1902749
«Ерен Аблука Күз-Қыс-10 операциясы» басталды

Ванда бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ға қарсы «Ерен Аблука Күз-Қыс-10 операциясы» басталды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде террор ұйымы ПКК-ны елдің күн тәртібінен шығару және  аймақты паналаған террористерді залалсыздандыру мақсатымен Ванда «Ерен Аблука Күз-Қыс-10" (Ван-Чатак-Сурик-Андичен)  Шейіт маман жандармерия сержанты Мұстафа Бозкурт операциясы басталғаны хабарланды.

Мәлімдемеде операцияға 460 қызметкер қатысқаны білдіріліп:

«Елдегі террористерді толығымен жою мақсатында жүргізіліп жатқан «Ерен Аблука Күз-Қыс операциялары» халқымыздың қолдауымен, адал және табанды түрде сәтті жалғасуда» деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар