Ердоған «Togg» көлігінің бейне көріністерін бөлісті

Ердоған «Міне, Республикамыздың жаңа ғасырының алғашқы ұшқыны.Міне, түрік ғасыры» деді.

1901835
Ердоған «Togg» көлігінің бейне көріністерін бөлісті
erdogan togg.jpg
erdogan togg.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік медиада Түркияның отандық автокөлігі «Togg» сериялы өндіріс желісінен шыққан алғашқы смарт құрылғы C-SUV-тің бейне көріністенін бөлісті. 

Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында «Міне, зауыт, міне, таспадан жүктеп алған алғашқы смарт құрылғы. Міне, Республикамыздың жаңа ғасырының алғашқы ұшқыны... Міне, түрік ғасыры» деген сөздер қолданды,

Президент Ердоған жүргізген көлікте болған Togg компаниясының бас директоры Мехмет Гүрджан Каракаш Ердоғанға көлік туралы ақпарат берді.

Көлікте президент Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған да болды. Ердоған жұбымен бірге жол бойында түрік классикалық музыкасы туындыларын тыңдады.



Ұқсас жаңалықтар