Астық тасымалдау жоспардағыдай жалғасады

Президент Режеп Тайып Ердоған астық жөнелтудің бұрын жоспарланғандай жалғасатынын мәлімдеді.

1901120
Астық тасымалдау жоспардағыдай жалғасады

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топ жиналысында сөз сөйледі.

Ердоған Ресейдің Украина порттарынан ауылшаруашылық өнімдерін шығару жөніндегі келісімді тоқтатуын бағалады.

Кеше Ресей президенті Владимир Путинмен астық дәлізіне байланысты сөйлескенін және бүгін Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескенін айтқан президент Ердоған астық дәлізінің бұрынғыдай қайта ашылғанын атап өтті.

Ердоған Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың бүгін Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акарға телефон шалып, астық тасымалының бұрынғыдай жалғасатынын мәлімдеді.

29 қазанда Ресей Қорғаныс министрлігі Украина аннексиялап алған Қырымдағы Севастополь қаласында Ресей әскери және азаматтық кемелерге шабуыл жасады деп хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар