Ердоған Гвинея-Бисау президентімен сөйлесті

Екі басшы Түркия-Гвинея-Бисау қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталған қадамдар мен аймақтық мәселелерді талқылады.

1900495
Ердоған Гвинея-Бисау президентімен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Гвинея-Бисау президенті Умаро Сиссоко Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті.

Телефондағы әңгімеде Түркия-Гвинея-Бисау қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталған қадамдар мен аймақтық мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында екі ел басшылары әскери және қорғаныс өнеркәсібі, сондай-ақ сауда-экономикалық қарым-қатынастар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті.

Кездесуде президент Ердоған Түркияның «Маариф» қоры Гвинея-Бисауда салатын мектеп үшін жер бөлінгеніне қуанышты екендіктерін білдірді.

Президент Ердоған Батыс Африка елдері Экономикалық қоғамдастығының  кезекті төрағасы Гвинея-Бисау президенті Эмбалоның аймақта тұрақтылық пен бейбітшілік орнату жолындағы талпыныстарын ризашылықпен қолдайтынын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар