"Ерен Аблука Күз-Қыс-5" операциясы басталды

"Ерен Аблука Күз-Қыс" операцияларының халықтың қолдауымен, сеніммен және табандылықпен сәтті жалғасқаны атап өтілді.

1899099
"Ерен Аблука Күз-Қыс-5" операциясы басталды

Хаккариде "Ерен Аблука Күз-Қыс-5" Шейіт Жандармерия маманы Жевдет Өздаш операциясы басталды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда "Ерен Аблука Күз-Қыс-5" Шейіт Жандармерия маманы Жевдет Өздаш операциясы Хаккари- Юксекова-Кечили аймақтарында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ны елдің күн тәртібінен шығару және аймақты паналап жүрген террористерді залалсыздандыру мақсатымен басталғаны білдірілді.

Операцияға 688 қызметкер мен 43 операциялық топ қатысуда.

Мәлімдемеде елдегі террористердің толық жойылуы үшін жүргізілген "Ерен Аблука Күз-Қыс" операцияларының халықтың қолдауымен, сеніммен және табандылықпен сәтті жалғасқаны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар