ТҚК-нің Африкадағы міндет уақыты ұзартылды

Түрік Қарулы Күштерінің БҰҰ Орталық Африкадағы операциялары мен миссияларына қатысуына берілген рұқсаттың уақыты ұзартылды.

1898178
ТҚК-нің Африкадағы  міндет уақыты ұзартылды

Түрік Қарулы Күштерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Мали және Орталық Африка Республикасындағы операциялары мен миссияларына қатысуына берілген рұқсаттың ұзартылуына байланысты Президенттік меморандум Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Жалпы Кеңесінде қабылданды. 

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қол қоюымен жіберілген меморандумда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен Мали мен Орталық Африка Республикасында Көп салалы Біріктірілген Тұрақтандыру Миссиясының құрылғаны еске салынды.

Аймақтағы тұрақтылыққа назар аударған меморандумда:

«Еліміздің Африкадағы аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілікке қауіп төндіретін гуманитарлық және саяси дағдарыстарды шешуге қосқан әскери үлесі аймақта және Африка құрлығында ұстанған белсенді сыртқы саясатымыздың табиғи жалғасы болатыны бағаланды» деп көрсетілді.

Меморандумда соңғы рет 2021 жылдың 19 қазанында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі тарапынан ұзартылған Түрік Қарулы Күштерінің міндет уақытының Президент тарапынан берілетін рұқсат және айқындалатын принциптер  аясында 2022 жылдың 31 қазанынан бастап бір жылға ұзарту талап етілді.



Ұқсас жаңалықтар