Мевлүт Чавушоғлу Иранды қатаң айыптады

Шираздағы Шах Чераг күмбезіне жасалған қарулы шабуылда 15 адамның қаза тауып, 21 адамның жараланғаны хабарланды.

1898532
Мевлүт Чавушоғлу Иранды қатаң айыптады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Иранның Шираз қаласындағы бір күмбезді нысанаға алған террорлық шабуылын қатаң айыптағанын білдірді.

Мевлүт Чавушоғлу Twitter парақшасында шабуылға байланысты жасаған мәлімдемесінде:

"Біз Иранның Шираз қаласындағы қасиетті шиит ғибадатханасын нысанаға алған жантүршігерлік және опасыз лаңкестік әрекетін қатаң айыптаймыз» деді. 

Чавушоғлу шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымын, жаралылардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Иранның мемлекеттік телеарнасы кеше Шираздағы Шах Чераг күмбезіне жасалған қарулы шабуылда 15 адамның қаза тауып, 21 адамның жараланғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар