Ердоған Юсуф Исламның концертін тамашалады

Юсуф Ислам президент Ердоғанға гитара сыйлады.

1897500
Ердоған Юсуф Исламның концертін тамашалады

Президент Режеп Тайып Ердоған ағылшын музыкант Юсуф Исламның концертін тамашалады.

Кэт Стивенс атымен 1960 және 1970 жылдары музыка әлеміне таңба басқан қалдырған, 1977 жылы мұсылмандықты таңдаған және «Юсуф Ислам» атанған ағылшын әнші Анкарада Президенттік кешенде концерт берді.

Концертке президент Ердоған жұбайы Емине Ердоған, вице-президент Фуат Октай, президенттік кабинет мүшелері, Юсуф Исламның жұбайы Фаузия Мүбарак Али және ұлы Мұхаммед Ислам да қатысты.

Ағылшын музыкант қонақтармен де сұхбаттасты. Ол сахнада бір сағаттан астам уақыт бойы ұмытылмас туындыларын орындады.

Концерттен кейін Юсуф Ислам президент Ердоғанға гитара сыйлады.

Бірінші ханым Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында  әлемге әйгілі музыкант Юсуф Исламды және оның отбасын Түркияда қабылдағандарына қуанышты екендерін білдірді.

Юсуф Ислам да президент Ердоғанға бейбітшілікті жақтап, әлем мұсылмандарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар