БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалау шақыруын қайталады

Президент "24 қазан БҰҰ күні" және ұйымының құрылуының 77 жылдығына орай хабарлама жариялады.

1897185
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалау шақыруын қайталады

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік кеңесін реформалау шақыруын қайталады.

Президент Ердоған "24 қазан БҰҰ күні" және ұйымының құрылуының 77 жылдығына орай хабарлама жариялады.

Ердоған Түркияның БҰҰ аясында бейбітшілік пен қауіпсіздік, адам құқықтары және тұрақты даму салаларында жүргізіліп жатқан жұмыстарға нақты үлес қосып, жетекші рөл атқаратын елдердің бірі екенін атап көрсетті.

БҰҰ-ның жалпы бюджетіне үлес қосатын ең ірі 20 елдің бірі болуымен қатар Стамбулды БҰҰ орталығына айналдыру бастамасы аясында БҰҰ-ның әртүрлі ұйымдары мен агенттіктерінің аймақтық штаб-пәтерлерін де Стамбулда орналастырғандарын еске сала отырып «БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш мырзамен бірге біз Қаратеңіз арқылы Украина астығын әлемге тасымалдауға мұрындық болдық. Стамбул келісімі аясында біз бүгінге дейін 8 миллион тоннадан астам астық пен ұқсас өнімдерді жеткіздік. Біз жүк тасымалдаудың үздіксіз жалғасуын қамтамасыз ету үшін дипломатиялық байланыстарымызды қарқынды түрде жалғастырудамыз» деді.

Ердоған жаһандық бейбітшілік пен тыныштыққа қауіп төндіретін исламофобия және мәдени нәсілшілдікпен күресте ескеру процесін арттыруға тырысқандарын және 15 наурыз күнін БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан «Халықаралық исламофобиямен күрес күні» деп жариялануына басшылық жасай отырып, бұл бағытта маңызды қадам басқандарын атап көрсетті. Біз өшпенділік ахуалы әлеуметтік бейбітшілікті уламасын деп әрі БҰҰ негізінде, әрі екіжақты жоспарымызда күш-жігерімізді жалғастырмақпыз. Күн сайын мыңдаған жазықсыз адамдардың өмірін қиған дағдарыстарды шешуде және тұрақты дамуды қамтамасыз етуде БҰҰ белсендірек рөл атқаруы керек екені анық. Мұның жолы – өкілдіктегі әділеттілік қағидасына сәйкес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалау. Неғұрлым демократиялық, ашық, тиімді және есеп беретін бір Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық қауымдастықтың ортақ үміті болып табылады. Барлық мүше мемлекеттер тең өкілдік ететін және халықаралық қауымдастықтың ортақ ерік-жігерін көрсететін БҰҰ Бас Ассамблеясын міндетті түрде күшейту қажет. Түркия БҰҰ, оның құндылықтары мен БҰҰ қызметінің мықты қолдаушысы және қорғаушысы болып қала бермек. Осы ойларымызбен еліміз негізін қалаушы мүшелер қатарына кіретін Біріккен Ұлттар Ұйымын 77 жылдығымен құттықтаймын және БҰҰ қызметі жаһандық бейбітшілік, тұрақтылық пен игілікке үлес қосады деп сенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар