Акар мен Шойгу телефонда сөйлесті

Акар Түркияның аймақта атысты тоқтатуға қол жеткізу, бейбітшілікті қамтамасыз ету, гуманитарлық көмек саласында жәрдемге дайын екенін айтты.

1896475
Акар мен Шойгу телефонда сөйлесті

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті.

Министрлік жасаған жазбаша мәлімдемеде Акар мен Шойгудың телефондағы әңгімеде екіжақты және аймақтық қорғаныс пен қауіпсіздік мәселелерінің талқыланғаны білдіріліп, төмендегі  мәліметтер бөлісілді:

"Аймақтағы қауіпсіздік жағдайын нашарлататын арандатушылықтарға сақтықпен қарау және қырағы болу, осы саладағы әртүрлі бастамаларға байланысты үйлестіру және ынтымақтастықпен жұмыс істеу туралы мәлімет пен ақпарат алмастырылды."

Кездесуде министр Акар Түркияның президент Режеп Тайып Ердоған бірнеше рет айтқанындай, аймақта атысты тоқтатуға қол жеткізу, бейбітшілікті қамтамасыз ету, гуманитарлық көмек арқылы тұрақтылықты қалпына келтіру үшін бүгінге дейін болғанындай бұдан былай да өз үлесін қосуға дайын екенін қайталады.



Ұқсас жаңалықтар