Ердоған «TOGG» автокөлігінің ерекшелігіне тоқталды

Ердоған: «TOGG» автокөлігіміз – еліміздің технологиядағы жеткен деңгейінің нышандарының бірі» деді.

1896050
Ердоған «TOGG» автокөлігінің ерекшелігіне тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған:

«Біздің Республикамыздың 99 жылдығында (2023) жүк түсіру рәсімін жасайтын «TOGG» автокөлігіміз – еліміздің технологиядағы жеткен деңгейінің нышандарының бірі» деді.

Ердоған Стамбул университетінің Жемил Билсел конференция залында өткен «Блокзинжир Стамбул» бағдарламасына қатысты.

Президент Ердоған осында сөйлеген сөзінде:

«Республикамыздың 99 жылдығында жүк түсіру рәсімін өткізетін біздің «Тогг» көлігіміз де еліміздің технологиядағы жеткен деңгейінің нышандарының бірі. Автокөліктен әлдеқайда жоғары мүмкіндіктері бар ақылды құрылғы болып табылатын «TOGG» көптеген секторлардың бастамашысы бола отырып, елімізге маңызды үлес қосады деп үміттенемін» деді.

Президент сөзінде Түркияның 250 миллион долларды құраған қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің жылдық экспортын 3 миллиард доллардың үстіне шығарғандарын да айтты.

Ердоған: «Біз басқалар ашқан сандық әлемдерде орын алуға тырысудың орнына,  өз ғаламымызды құруға талпынамыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар