Алтуннан грек министрге наразылық

Алтун Грекияны Түркияға қарсы негізсіз айыптауларды доғаруға шақырды.

1893729
Алтуннан грек министрге наразылық

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Грекияны босқындарға қатысты адамгершілікке жатпайтын ұстанымынан тезірек бас тартуға, Түркияға қарсы негізсіз айыптауларды доғаруға және мемлекет ақылымен қозғалуға шақырды.

Фахреттин Алтун Грекияның Көші-қон және баспана министрі Нотис Митаракистің Твиттер аккаунтынан Түркия туралы жасаған мәлімдемелерінің артынан әлеуметтік медиа парақшасы арқылы мәлімдеме жасады.

«Түркияны өздерімен шатастырып алған Грекияның Көші-қон және баспана министрі өзі жариялаған жалған мазмұнмен еліміздің абыройын түсіруге тырысты» деген Алтун «Грекия осы бос және жеңіл-желпі талпыныстарымен жеке заттарын тонап, шекарадан шығарған босқындардың фотосуреттері жарияланып жатқанда, бұл езілген халықтың қадір-қасиетін де құрметтемегенін тағы бір рет күллі әлемге көрсетті. Грек билігі алдымен Frontex-пен (Еуропа Одағының Шекара қорғау агенттігі) ынтымақтаса отырып, Эгей теңізінде тұншығып өлуіне себеп болған сәбилердің, Меричте тонап, белбеумен ұрып-соққан соң суықтан қатып өлуіне себеп болған адамдардың есебін беруі керек. Грекияны босқындарға қатысты адамгершілікке жатпайтын ұстанымынан тезірек бас тартуға, Түркияға қарсы негізсіз айыптауларды доғаруға және мемлекет ақылымен қозғалуға шақырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар