Дөнмез Түркияның тасымалдағы маңыздылығына тоқталды

Фатих Дөнмез Германияның бас қаласы Берлинде өткен 4-ші Түрік-Германия Энергетика форумына қатысты.

1891413
Дөнмез Түркияның  тасымалдағы  маңыздылығына тоқталды

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияның көрші елдерден Батыстағы нарықтарға табиғи газ жеткізуде маңызды рөл атқара алатынын айтты.

Фатих Дөнмез Германияның бас қаласы Берлинде 4-ші Түрік-Германия Энергетика форумында сөйлеген сөзінде Ресей-Украина соғысы және жаһандық инфляцияның артуы салдарынан әлемнің қиын энергетикалық дағдарыспен бетпе-бет келгенін айтты.

Энергиямен қамдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету және энергияға бәсекеге қабілетті бағамен қол жеткізу үшін импорт жолдарын әртараптандыруда үлкен күш-жігер жұмсағандарын атап өткен Дөнмез Түркияның тек өзін энергиямен қамтамасыз ету қауіпсіздігін сақтап қана қоймай, сонымен бірге  жақын географиядағы энергия ресурстарын талап етуші елдерге тасымалдауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 

Дүние жүзіндегі, әсіресе Еуропадағы табиғи газ дағдарысының шешілуіне үлес қосу үшін нарыққа көбірек газ жеткізу қажет екенін айтқан Дөнмез:

«Осы тұрғыдан алғанда Түркия Түркіменстан газын қамтыған Каспий аймағының табиғи ресурстарын, әсіресе  әсіресе Израиль газын қамтыған Жерорта теңізінің шығысындағы аймақтың  және Ирактың табиғи ресурстарын біздің елімізге және еліміз арқылы басқа нарықтарға жеткізу үшін бар күш-жігерін салуға дайын. Соңғы уақытта көптеген Оңтүстік-шығыс Еуропа елдері газды талаптарын қамдау мақсатымен елімізбен тығыз байланыс орнатуда" деп көрсетті.

Министр Фатих Дөнмез бен Германияның Экономика және климатты қорғау министрі Роберт Хабек арасында жасыл сутегі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы ниет хатына қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар