Ердоған мұражайлар беташарында сөз сөйледі

Ердоған: Ердоған: «Елімізде 56 мұражайды тұңғцш рет аштық, 18 мұражайды жаңадан салынған ғимараттарда халқымызға ұсындық» деді.

1890363
Ердоған мұражайлар беташарында сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған:

«Елімізде 56 мұражайды тұңғцш рет аштық, 18 мұражайды жаңадан салынған ғимараттарда халқымызға ұсындық» деді.

Президент Ердоған Мимар Синан Көркемөнер университетінің Стамбул Сурет және мүсін мұражайының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде мұражайдың Стамбулға және барлық өнер сүйер қауымға  қайырлы болуын тіледі.

Президент Ердоған сөзінде:

«Елімізде 56 мұражайды тұңғцш рет аштық, 18 мұражайды жаңадан салынған ғимараттарда халқымызға ұсындық. Соңғы 20 жылда жөндеу, реставрация жасау және баптау жұмыстары арқылы 164 мұражайды толығымен жаңарттық» деп көрсетті.

Президент Ердоған сонымен бірге Стамбулдағы Синан Ердем спорт залында өтетін Түркия Жастар қорының 5-ші кезекті жалпы жиналысы мен 6-шы жастар бас қосуы алдында мәлімдеме жасады.

«Дәл қазір Еуропада барша халық «Биылғы қыс қалай өтеді?» деген алаң ішінде. Аллаға шұкір, біз барлық дайындықты жасадық. Біздің енгігі алаңымыз  азаматтарымызға көгілдір отынды қалай қолжетімді бағамен жеткізу мәселесі ғана" деді президент Ердоған.



Ұқсас жаңалықтар