Ердоған инфляция мәселесін шешетіндерін айтты

Президент Ердоған Стамбулдағы Долмабахче кеңсесінде өткен "Қатысу Қаржы стратегиясы" құжатының таныстыру жиналысында сөз сөйледі.

1887682
Ердоған инфляция мәселесін шешетіндерін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған жаһандық өзгерістердің әсерімен біраз уақыттан бері сезіліп келе жатқан инфляция мәселесін еңсеретіндерін айтты.

Президент Ердоған Стамбулдағы Долмабахче кеңсесінде өткен "Қатысу Қаржы стратегиясы" құжатының таныстыру жиналысында сөз сөйледі.

Ердоған жаңа типтегі коронавирус індеті және 24 ақпанда басталған Ресей-Украина соғысы себеп болған энергия мен шикізат бағасының өсуі тереңдеткен жаһандық экономикалық дағдарыстың әсіресе дамыған елдерді де қамтыған барлық экономикаларға ауыр әсер еткенін айтты.

Жаһандық дағдарыстар толастамаған соңғы жылдары Түркияның ұзақ уақыттан бері бастан кешкен саяси және экономикалық қиындықтардан жинаған тәжірибесімен басқа елдерден ерекшеленгенін айтқан Ердоған:

"Жаһандық өзгерістердің әсерімен біраз уақыттан бері байқалған инфляция мәселесін еңсеру арқылы "Түркия ғасырын" бірге жарататын боламыз" деді. 

Қаржы секторының жаһандық экономикалық дағдарыстан ең көп зардап шеккен салалардың бірі екенін атап көрсеткен Ердоған экономикалық өсудің локомотиві болуы тиіс қаржы жүйесінің міндетін орындай алмағанын айтты.

Адамдарды негіз етпеген экономикалық құрылымның тұрақты болмайтынын білдірген президент: "Жаһандық қаржы жүйесі адамдар мен моральға негізделген жаңа үлгіні қалыптастыруы маңызды шарт. Біз жаңа қаржы жүйесін зерттеуге барлық қолдауды көрсетеміз" деді.



Ұқсас жаңалықтар