Түркия АҚШ пен Грекияға нота тапсырды

Грекияның түркиядағы өкілетті елшісінен аралдардағы заң бұзушылықтарды тоқтатып, әскери емес статусты қалпына келтіру сұралды.

1884797
Түркия АҚШ пен Грекияға нота тапсырды

Түркиядан Америка Құрама Штаттары мен Грекияға  аралдарға байланысты нота тапсырды.

Түркия Грекияның Америка Құрама Штаттарынан (АҚШ) шыққан сауытты көліктерді Лесбос пен Хиосқа аралдарына орналастыруына байланысты осы екі елге наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрлігіне шақырылған Грекияның түркиядағы өкілетті елшісінен аралдардағы заң бұзушылықтарды тоқтатып, әскери емес статусты қалпына келтіру сұралды.

Түркия Америка Құрама Штаттарына берген наразылық нотасында Шығыс Эгей аралдарының мәртебесіне құрметпен қарауды және мәртебені бұзу үшін қару қолдануды тоқтату үшін шаралар қабылдауды талап етті.

Грекия халықаралық құқыққа қайшылық жасау жолымен Эгей теңізіндегі әскери емес мәртебесі бар Лесбос пен Самос аралдарына сауытты көліктерін жөнелткен болатын.
Қару тасымалы Түрік Қарулы Күштерінің ұшқышсыз әуе көліктері арқылы анықталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар