Диярбакырда 3 террорист залалсыздандырылды
Террористердің екеуінің «Іздеу салынған террористтер тізімінде» орын алғаны атап көрсетілді.
Диярбакырдың Дижле ауданына қарасты Гөресе тауы ауылдық аймағында 20 қыркүйек күні залалсыздандырылған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 3 террористтің қызғылт сары және сұр категорияларда іздестіріліп жатқаны анықталды.
Ішкі істер министрлігі мәлімдемесінде «Ерен Аблука-34» операциясы аясында Диярбакыр Қалалық Жандармерия қолбасшылығының шабуылға дайындалғаны анықталған сепаратист террор ұйымы мүшелеріне қарсы 20 қыркүйек күні жасалған операцияда 3 террористтің қаруларымен залалсыздандырылғаны еске салынды.
Террористердің екеуінің «Іздеу салынған террористтер тізімінде» басына 1 миллион лира сыйақы тігілген қызғылт сары категориядағы Диджле Ботан лақапты Хаджер Гүней мен Дирен Ван лақапты Амед уәлаяты орталық штаб-пәтерінде жұмыс істейтін Алийе Кие екені атап көрсетілген мәлімдемеде Амед уәлаяты Брюск аймағында істейді және 500 мың лира сыйақы тігідген сұр категориядағы Амед Адер лақапты Хатидже Ай екені білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.